Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс

– Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салықтық жеңілдіктерді негізінен жоғары қосылған құны бар өнім өндірінесе инвестиция тартуға және технологиялық экспортты ынталандыруға қайта бағыттау қажет. Бұл мінсіз тәртіп міндеті. Дегенмен барлығы менің үстанымды түсінгенін қалар едім. Бүкіл экономикалық саясатты біз экономиканы әртараптандыру міндеттеріне, оны индустрияландыруға және түптеп келгенге инвестиция тартуға бағындыруымыз қажет. Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс, ал Үкіметоларға бұл жағынан көмектесуі тиіс», — деді Президент.

Мемлекет басшысы екінші жағынан салықты саясат ынталандырушы әрі икемді болуы тиістігін баса айтты.

«Мәселен, бүгінде Қазақстанда қатты пайдалы қазбалалардың көптеген кен орны бар. Оларды қазіргі салық салумен игеру экономикалық тұрғыда мақсатқа сай келмейді әрі тиімсіз. Шикізат жерде, моноқалалар жанында бостан бос жатыр. Бірақ, оны азаматтардың игілігіне пайдалануға болар еді. Күрделі мұнай-газ кен орындары сияқты мұндай рентабельдігі төмен жаңа жобалар үшін салық жүктемесін жұмыс орындарын құру, қайта өңдеу қуаттарын салу, міндеттемелерді орындау шарттары алмастырып, жеңілдетпеске?! Үкімет бұл жұмыспен айналысып, жаңа салық саясатын әзірлеу барысында оны ескеруі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар