Мамандар даярлауда бірлесе жұмыс істейді

Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері «Арна» колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесуде студенттерге мемлекеттік қызметке және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.

Осы кездесуде Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Данияр Сапарбек және «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры Динара Тәкенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, департамент пен колледж кадрларды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде бірлесіп жұмыс істейтін болады, дәрістер, студенттермен кездесулер өткізеді, емтихан комиссияларына қатысады. Сондай-ақ, студенттердің практикадан өтуіне, ғылыми-зерттеулер жүргізуіне, конференциялар, көрмелер, конкурстар өткізу кезінде әдістемелік материалдармен алмасуына жағдай жасайды.

Департаменттің персоналды басқару бөлімінің басшысы Мадияр Бүркіт студенттердің жұмысқа орналасудың талаптары мен перспективасы туралы сұрақтарына жауап берді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар