Қыста жылудан қысылған жоқпыз

мұны көкшетаулықтар қосыла растайды

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысында жылыту маусымының қорытындылары жөнінде облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов брифинг өткізді.                           

 Облыс бойынша жылыту маусымы мемлекеттік режимде өтуде және аяқталуға жақындады. Бүгінгі таңда жылу көздері тұрақты жұмыс жасайды. Температура карталарының сақталуы ерекше бақылауда.

−2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде облыстық бюджеттен жөндеу науқанына және отын сатып алуға 11,3 миллиард теңге бөлінді. Инвестициялық жобалар үшін  9,9 миллиард теңге бағытталды.  Оның ішінде жылыту маусымына және жөндеу науқанына 3,9 миллиард, отын сатып алуға 6 миллиард теңге бөлінді.  «Көкшетау Жылу» қазандықтарына ауқымды жөндеу жүргізілді. Мазутты қазандық агрегаттарын пайдалану мақсатында ҚР-1 үшін бөлінетін мазут көлемі 4,5 мың тоннадан 21 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Степногорск жылу электр орталығы бойынша негізгі жабдыққа ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге 2,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген еді.  Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға артық. Барлық жұмыстар жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес орындалды.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының облысымызға жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау аясында Степногорск қаласын жылумен жабдықтау кәсіпшілігі талданғанын айтып, орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді, −деді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінгі таңда жылу көздері мен жылу желілері учаскелерінде жөндеу науқанын жүргізу үшін үкіметтің резервінен қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, өткен жылы тосын жағдайларға жол бермеу және халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті тудырмау мақсатында  Қазақстан Республикасының  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, көмір разрездерімен және өңірдің өңірлік көмір операторларымен бірігіп, облысқа жеткізілім көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды.

− Мұндай шаралар облыста да, жекелеген өңірлерде де жылыту маусымының бұзылу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Өткен жылы операциялық жүйелерге дайындық бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, оның нәтижелерін облыс орталығының да, өңірлерінің де көптеген тұрғындары бағалады деп айта аламын. Сонымен қатар, жылыту маусымының басында Атбасар қаласы, Бурабай ауданы Бурабай кентінің жылумен жабдықтау сапасына шағымдар болды. 2016 жылы пайдалануға берілген Бурабай кентінің орталық қазандығынан жүзеге асырылатын осы кент пен Оқжетпес ауылының жылу мәселесін шешу үшін Оқжетпес кентінде 686 миллион теңгенің қуаты 14 МегаВатт блоктық-модульдік қазандығын сатып алу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, ағымдағы жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға «Бурабай ауданы Оқжетпес кентінде жылу желілерін салу» жобасын іске асыруға 100,0 миллион теңге бөлінді. Бұл шаралар екі елді мекеннің тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Атбасар қаласы бойынша әлсіз тұстар анықталды, биыл біз бұл қалаға ерекше назар аударамыз. Бізде орталық қазандықты реконструкциялауға және жылу желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама бар. Жалпы, жылыту маусымын штаттық режимде аяқтаймыз. Ол аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес технологиялық бұзушылықтарға, жабдықтар мен жылу желілерінің жай-күйіне, тозу дәрежесіне толық талдау жүргізілетін болады,−деді Біржан Әбдірахманов.

Ағымдағы жылы ауқымды жөндеу науқанын жүргізу жоспарлануда. Бұл облыс тұрғындарын сапалы жылумен және жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар