Жұмыс жоспары бекітілді

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші ұйымдастыру отырысы осы комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен өтті.

Комиссия мүшелері, депутаттар Белла Газдиева, Қалел Рахматулин, Руслан Шамкенов, Ғалымхан Саханов, Клара Меңдібаева, Алмаз Мұхамедьяев өздерінің негізгі қызметі туралы қысқаша айтып берді. Содан кейін комиссия күн тәртібін талқылауға көшті.

Тұрақты комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының ұсынылған жобасын қарастыра отырып, депутаттар бірқатар елеулі түзетулер мен ұсыныстар енгізіп, оны өзгерістерді ескере отырып бекітті. Мәселен, тұрақты комиссия Атбасар ауданына барып, денсаулық сақтау мәселелері блогын: ӘМСҚ, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын қарауды жоспарлап отыр. Депутаттар Бурабай, Жақсы, Қорғалжын және Целиноград аудандарына ат басын тіреп, Ақмола облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының одан әрі іске асырылу барысын талдауға ниетті. Туристік кластерді, оның ішінде қонақ үй бизнесін дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық төлемдерінің түсуі бойынша озық тәжірибені қарастыру және өз базасында көшпелі отырысты өткізу бастамасымен Аршалы ауданындағы «BEIBARYS» демалыс аймағының бас директоры, депутат Руслан Шамкенов ұсыныс жасады.

Бұған қоса комиссия мүшелері Степногорск қаласының энергокешенінің атап айтқанда, жылу-электр орталығы, ауыз сумен жабдықтау кәсіпорнының (ЖЭО, горводоканал) жай-күйін зерделеу және қалалық аурухананы аралап көру мақсатында сонда баруды жоспарлады.

Комиссия төрағасы М.Қойшыбаев атап өткеніндей, түзілген жоспар халықтың сұраныстарына жедел ден қою мақсатында, сайлаушылардың өтініштерін ескере отырып, жыл ішінде  өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін.

Отырыста жалпы дауыс беру арқылы депутат Руслан Шамкенов экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар