Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тапсырыс арқылы  500 жас маман жұмысқа қамтылады   - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тапсырыс арқылы  500 жас маман жұмысқа қамтылады  

Өңірлік коммуникациялар қызметінде колледждерде дуалдық  оқытуды дамыту және кадр даярлау барысында кәсіпорындармен әрекеттестік мәселелері жөнінде брифинг өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Валерий Гамазов, Шучинск жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің басшысы Азамат Қожақов және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы жануарлар дүниесі комитетінің өкілі  Елена  Старикова өткізді.

 Қазіргі жағдайда еңбек нарығы динамикалық түрде өзгеріп, жаңа жағдайларды белгілейді. Жастардан басқа білім мен дағдыларды талап ететін жаңа мамандықтар пайда болады. Колледждердің жұмыс берушілермен тікелей диалогын құру бұрынғыдан да маңызды. Бүгінгі таңда облыста 32 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 20,5 мың студент тегін оқумен қамтылды.

−26 мемлекеттік колледждің 19-ы техникалық және технологиялық бейінге ие. Оның 15-і агроөнеркәсіптік кешен, 2 педагогикалық, 2 мәдениет және өнер бейіні бойынша кадрларды даярлайды. Биыл облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 97 мамандық және 155 біліктілік бойынша мамандарды оқытады. Кадрларды даярлаудағы жаңалықтың бірі  оқу жылының басынан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша нысаналы мемлекеттік тапсырысты енгізу болды. Бұл бастама оқуға түсу кезінде студенттерге жұмыс орындары мен практика базаларын бекітуге мүмкіндік береді. Ал, кәсіпорындар оқу процесіне қатыса алады, нәтижесінде студент жақсы дайындалған маман болады. Ағымдағы жылы нысаналы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 500 талапкер қабылданады. Мысалы, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнымен 40 орынға шарт жасасты.

Оның ішінде 25 орын «жылумен жабдықтау жабдықтары және жүйелері» мамандығы бойынша «техник-теплотехник» біліктілігі және 15 орын «ТКШ объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану», «монтаждау жөніндегі техник және инжелерлік жүйелерді пайдалану» бойынша қарастырылды. Колледждердің жұмыс берушілермен ынтымақтастығының басты шарты жұмысқа орналастыру болып табылады, − деді Валерий Гамазов. Өткен жылы «Сапалы білім беру. Білімді ұлт» жобасы аясында 8 мемлекеттік колледж 572 студентті қамтитын 15 мамандық бойынша демонстрациялық емтихан өткізді. Колледждер мен жұмыс берушілер ынтымақтастығының басым бағыты мемлекеттік жалпы білім беру жүйесінің талаптары, кәсіби стандарттар, академиялық дербестік шеңберінде WorldSkills стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуге және олардың мазмұны мен оқу мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жиын барысында Азамат Қожақов Шучинск жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің қызметі жөнінде айтып өтті.

–Колледждің әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі қызметінің шарттары еңбек нарығын зерделеу, жұмыс берушілердің біліктілік талаптарын нақтылау, кәсіптердің өзгермелі құрылымын қадағалау мониторингін жүргізу, жеке және қоғамдық ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Білім ордасы нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезеңде техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын кәсіби даярлау бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік әріптестік бағдарламасын іске асыруда. Осының барлығы әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, −деді ол.

Колледж түлектері агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және табиғатты қорғау кәсіпорындарында табысты еңбек етуде. «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша колледждің дарынды түлектері «Eurasia Group Kazakhstan» серіктестігінде сервистік қызмет мамандар болып жұмыс істеуде. Облыстық білім беру жүйесінде дуалдық оқытудың қажеттілігі  күн сайын артуда. Аталмыш жүйенің кәсіби мамандарды даярлаудағы тиімділігі мен нәтижелілігінің зор екендігін атап өткен жөн. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесінен еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды, өз мамандықтарын жетік меңгерген, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар