Қазақстандағы электр станцияларының 66% тозған – министрлік

– Орта есеппен еліміздегі электр желілерінің 66% тозған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған «ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда электр станцияларының өндіруші жабдықтарының 55,5%-ы 30 жылдан, 5,8%-ы 21-30 жылдан, 13,1%-ы 11-20 жылдан, 18,2%-ы 5-10 жылдан және 7,4%-ы 5 жылдан асқан. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. Елімізде электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66% құрайды. Осының салдарынан тасымалдау кезінде электр энергиясының 6-7% жоғалады. Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді және бірінші кезекте елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді», – делінген құжатта.

Ведомства ақпаратына сәйкес, қазір энергетикалық кешендердің негізгі бөліктерін жөндеу мен олардағы жабдықтарды жаңғырту мүмкіндігі жоқ. Бұған төмен тарифтер себеп болып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар