— Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 23 сәуірде 25 адамнан коронавирус табылған.
Одан бір күн бұрын — 34, ал оның алдыңғы күні — 86 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.
24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 309 адам коронавирус инфекциясынан (–1 153+ және 156 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 156 пациент стационарда, 1 153 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
Дереккөз: www.inform.kz