Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда эскалаторға аяғын қысып алған зейнеткер Астанада емделеді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда эскалаторға аяғын қысып алған зейнеткер Астанада емделеді

– Көкшетауда орталық базардың эскалаторына аяғын қысып қалған зейнеткер Астана қаласында емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуір күні полицияға облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері хабарласып, «сол аяғының 1, 2 және 4 саусағының ашық сынуы» диагнозымен Щучье қаласының 67 жастағы тұрғыны жеткізілгенін айтты. Әйел эскалатормен түспекші болғанда жарақат алған.

«Зардап шегушінің сөзінше, ол эскалаторда құлаған әйелді көтермекші болған кезде өз аяғы эскалатордың баспалдақтары арасына түсіп кетіп, қыстырылып қалған», — деп түсіндірді ведомстводан.

Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінен атап өткендей, 1956 жылғы әйелді 21 сәуірде сағат 14:00-де жедел жәрдем бригадасы жарақат пунктіне жеткізген.

«Облыстық аурухананың жарақат пунктінде науқасты травматолог-дәрігер қарады, алғашқы көмек көрсетілді, вакцинация жүргізілді, жарасы таңылды. «Аяқтың ауыр жарақаты, 2,3,4 метатарсальды сүйектің ашық субкапитальды сынуы, сол аяқтың жарасы» диагнозы қойылды. Науқас Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасының күйік және реконструктивтік хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Павел Кутниковтың келісімімен одан әрі емдеу үшін Астанаға жіберілді. Реконструктивтік ота жүргізу, жараны терімен жабу жоспарлануда», — деп бөлісті ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғағанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар