Ақмолалық «Карнавал» би ұжымы республикалық байқаудың Гран-при иегере атанды

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, 22 сәуір күні Орал қаласында «Биле Ақжайық» III Республикалық байқауы өтті. Аталмыш шараға Ақмола облысы атынан Жақсы ауданы Белағаш ауылының «Карнавал» би ұжымы қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Халық биі» аталымы бойынша Гран-при иегері атанды.

«Карнавал» көркемөнерпаздар би ұжымы 1999 жылы құрылды. Содан бері «Карнавал» хореографиялық ұжымы балалар мен жасөспірімдер үшін нағыз эстетикалық тәрбие мектебіне айналып отыр.

«Ұжымның репертуарында халық стиліндегі және эстрадалық билер бар, онда қатысушылар хореографиялық дайындықты, әртістік қабілеттерін көрсетеді, өз сезімдерін білдіреді. Ұжым өзінің репертуарын толықтыру үшін үнемі жұмыс істейді. Ұжымдағы жұмыс әр түрлі жоспармен жүзеге асырылады, бұл би мәдениетіндегі түрлі бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.
Көшбасшы іс-әрекеттің негізгі бағытын жетілдіруді, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылысты, жеке тұлғаны және тұтастай ұжымды дамытуды анықтайды. Ұжымда 6 жастан 15 жасқа дейінгі үш топта 36 бала шұғылданады», -деді ведомстводан.

Ұжым би өнеріне сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар