Мамыр мерекелерінің қоғамдық мәні зор

Таяуда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеҚазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қалай ұйымдастырылатыны туралы таратылып айтылды. Брифингте осы тұрғыдағы алғашқы сөзді Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин алды.

Мереке күндері азаматтардың барлық санаттарын қамтитын бес мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу елдің Әділетті Қазақстанның құндылықтарының айналасында бірлесуі және  топтасуы ұранымен өтеді. Мерекелік іс-шаралардың идеялық мазмұны өзара сенім мен азаматтық теңдік қағидаттары, барша қазақстандықтардың бір-біріне ізгі ниеті, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілігін сезінуі негізінде бірлікті дамыту тұжырымдамаларына негізделген. Мереке барысында бар іс-шара бір арнада тоғыспақ. Атап айтқанда, ел ішіндегі бірлікті нығайту, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қайырымдылық қағида ттарын кеңінен өрістетіп, ынтымақтастықты, ізгі дәстүрлерді дәріптеу. Осыған орай мерекелік іс-шараларды өткізуге, үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени және жастар бірлестіктерінің белсенді өкілдерін тарта отырып, кең ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар жоспары бекітілді.

–Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу әскери дәстүрлердің сабақтастығымен, мемлекеттің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін сақтау және насихаттауға бағытталмақ. Бұл күндері Қазақстан армиясының беделін арттыруға, қатардағы қазақстандықтардың рухы мен патриоттық сезімін нығайтуға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметтің беделін арттыруға ықпал ететін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, әскери байқаулар, мерекелік концерттер, патриоттық акцияларды өткізу жоспарланған, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, – биылғы жылы батыр бабаларымызды еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты онлайн акциясы осы мақсатта арнайы құрылған платформада өткізілетін болады. Бұл қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді. Өңіріміздің елді мекендерінмерекелік безендіру мақсатында 150-ден астам тақырыптық баннерлер орнату жоспарланған.Облыста Қазақстан халқының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерін мерекелеуге арналған негізгі оқиғалар мен маңызды іс-шараларды ақпараттық жариялау бойынша медиа-жоспар бекітілді.

Сондай-ақ, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және Ұлы Отан соғысындағы сарбаздардың ерлігі туралы естеліктерді сақтау мақсатында тақырыптық жобалар мен бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер, соғыс ардагерлері туралы сюжеттер, сондай-ақ әлеуметтік желілерде Жеңіс тақырыбын ілгерілету бойынша әртүрлі форматтағы жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Бұқаралық ақпарат құралдарында алдағы мереке күндеріне арналған арнайы айдарлар мен телебағдарламалар ашылады.

Отан қорғаушылар күнін және одан кейінгі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу білім беру жүйесінде Ұлы Отан соғысының батырлары мен Қазақстан армиясының әскери қызметшілерін құрметтеудің тұрақты дәстүрлерін қалыптастырды.

–Балалар мен жастардың Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге белсенді қатысуы мақсатында білім беру жүйесінде көк патриоттық Жеңіс лентасын жаппай кию ұйымдастырылатын болады, – деді облыстық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Айнаш Ғалымова, – облыстың 542 мектебі мен 32 колледжінде Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерінің қатысуымен ашық сабақтар өтеді. Биыл алғаш рет мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында барлық білім беру ұйымдарында оқушылардың, студенттердің, педагогикалық және ата-аналар қауымының қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты ұйымдастырылмақ. Оқу орындарында Ұлы Отан соғысы туралы тарихты білуге арналған конкурстар, онлайн-викториналар, әскери-патриоттық ойындар, квесттер, байқаулар, сапқа тұру және оқушыларды әртүрлі әскер түрлерімен таныстыру бойынша арнайы сабақтар өткізу жоспарлануда.Облыстың барлық білім беру ұйымдарында соғыс жылдарындағы адамдардың ерлігі туралы шолу кітап көрмелері ұйымдастырылып, деректі және көркем фильмдер көрсетіледі.Облыстың білім беру ұйымдарында 237 мектеп мұражайы, оның ішінде 32 жауынгерлік даңқ мұражайы бар. Барлық мектеп мұражайларында ұлы ерлік дәріптеліп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жұмыстары қолға алынбақ.

Б.ҚАЙЫРЛИН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар