Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының мұғалімі үздік жас педагог атанды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының мұғалімі үздік жас педагог атанды

– «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауы аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 57 педагог қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақмола облысының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Өмірзақова жеңіп алды. Бірінші орынды Абай облысынан физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов, екінші орынды Алматы қаласынан биология пәнінің мұғалімі Ұлдана Жақсылықова, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Кунашев иеленді.

«Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында эссе жазды. Олар өздерінің өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымын, жетекші педагогикалық идеяларын ашып жазды. Байқауға қатысушылар үшін ең маңызды сәт танымайтын сыныпта сабақ өткізу болды. Конкурстық сабақтың тақырыбын қатысушы өзі таңдады. Байқаудың соңғы кезеңі – «Шығармашылық жолдың басталуы» атты презентация. Байқауға қатысушылар өздері және мамандыққа деген көзқарасы туралы айтып берді. Айта кету керек, әрбір қатысушының кәсіби имиджін ашып айтуда, педагогикалық ұстанымын таныстыруда шығармашылық пен ізденіс бар», – деді «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Сержан Алибаев.

Алматы, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының педагогтері «Дарынды ұстаз», «Жігерлі ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Табиғат білгірі» сияқты бірқатар номинацияларға ие болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар