Көкшетауда «QAISAR» әскери-патриоттық ойынының іріктеу сайысы өтті

Көкшетау қаласында «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен «Жастар рухы» жастар қанаты «QAISAR» әскери-патриоттық ойынының іріктеу сайысы өтті.

«QAISAR» – бұл командалық-патриоттық ойын, онда оқушылар көшбасшылық және командалық қабілетін, тактикалық әлеуетін және төзімділігін көрсете отырып, өзін нағыз армияның бір бөлігі ретінде сезіне алады.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриотизм мен жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге дайындау, Отан қорғауға сүйіспеншілігін арттыру.

Ойынның іріктеу кезеңі Көкшетаудағы 55/10 әскери бөлімінің базасында өтті. Барлығы 12 команда жарысты. «QAISAR» ойынына қатысушылардың сезімдерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. 9-11 сынып оқушылары бірнеше сағат бойы нағыз жауынгерлік қақтығысқа түсті. Ойын барысында олар стратегиялық ойлау, уақыт бойынша әрекет ету және қиын жағдайда тез шешім қабылдай білу дағдыларын көрсетті. Олар командалық рухты, өзара сенім мен қолдау сезімін көрсете білді, бір-бірімен танысты.

«Мен үшін ең бастысы – өз күшімді сынап, әскери адам мамандығын, әскери қызметтің қыр-сырын тереңірек білу. Мұндай жарыстар физикалық және рухани принциптерді жетілдіруге ұмтылуды, стандартты емес жағдайларда жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастырады»,- деп өз ойымен бөлісті ойынға қатысушы оқушы Арман.

Іріктеу ойынының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейі мен жүлделі үшінші орынды №6 мектеп лицейі иемденді.

Енді балалар Астана қаласында 2-7 мамыр аралығында өтетін әскери-патриоттық ойындардың финалында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

«AMANAT» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар