Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Полиция қызметкері істі болып, сотқа тартылды - АРҚА АЖАРЫ

Полиция қызметкері істі болып, сотқа тартылды

Қосшы қаласының прокуратурасы полиция қызметкері тарапынан әкімшілік хаттамаларды бұрмалау фактілерін анықтады.

Мәселен, учаскелік полиция инспекторы 2021 жылдың мамыр және тамыз айларында полицияда профилактикалық есепте тұрған Қосшы тұрғынына қатысты тыныштықты бұзғаны үшін ӘҚБтК 437-бабы және иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК 408-бабы бойынша екі хаттама жасады. Бұл ретте ол құқық бұзушының қолы мен түсіндірмесін бұрмалаған.

Осылайша учаскелік инспектор өзінің ведомстволық көрсеткіштерін жасанды түрде арттырды.

Қала прокурорының наразылығы бойынша сот әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды. Ал6 полицейге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеуді Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүзеге асырды. Сөйтіп, Қосшы қалалық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы үкімімен полиция қызметкері бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, рақымшылық актісі бойынша негізгі жазадан босатылып, бес жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылды. Үкім заңды күшіне енді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс әрқашан қала прокуратурасының ерекше бақылауында болады.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар