«Студенттер көктемі-2023» жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Жастар-ресурстық орталығы  ағымдағы жылдың 18-21 сәуір аралығында Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында талантты жастар үшін «Студенттік көктем-2023» облыстық фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты Ақмола облысы жастарының шығармашылық қызметі үшін жағдай жасау, өңірдегі студент жастардың адамгершілік және мәдени әлеуетін сақтау және көбейту, студенттерді эстетикалық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасы театр-зияткерлік, ақпараттық-технологиялық және вокалдық бағыттарды қамтыды. Фестиваль «Cover-нұсқа», «Тапқырлар алаңы», «STUD КОКТЕМ – аруы» және «Үздік мобилограф» номинацияларынан тұрды. Фестивальдің конкурстық бағдарламаларының әр номинациясы бойынша ұйымдастыру комитеті қазылар алқасын құрады.

«Студенттік көктем» фестивалін Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жыл сайын өткізіп отырады. Биыл да қатысушылардың белсенділігі алғыс айтуға тұрарлық.

Жалпы, фестиваль қорытындысы бойынша «Cover-нұсқа» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі III-орынды Көкшетау қаласы жоғары медицина колледжінен Жігітай Диаз және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен Меруерт Тұрсын иеленсе, 80 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі II-орын Бурабай колледжінен қатысқан Жанат Жандосқа бұйырды. Бірінші орын және 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Көкшетау жоғары медициналық колледжінен Райхан Тоғанасова марапатталды. Ал, Гран-при атағына және 120000 теңгелік ақшалай сертификатқа Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінен қатысқан Екатерина Прямосудова ие болды.

«Тапқырлар алаңы» номинациясы бойынша 3-орынды және 50 000 теңгелік ақашалай сертификатты Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «IT» командасы иеленсе, жүлделі 2-орынды және 80 000 теңгелік ақшалай сертификатты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Көпсалалы колледжінің «Барыс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атағына ие болған және 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталған Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясының «Остатки друзей Оушена» командасының өнері де атап өтуге тұрарлық.

«Үздік мобилограф» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификат пен жүлделі үшінші орынды жеңіп алған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Зарема Сапарова, осы номинация бойынша 80 000 теңгелік ақшалай сертификатпен және жүлделі екінші орынға ие болған Шағалалы жоғарғы агротехникалық колледжінің студенті Алпысбай Нажмаддин, 100 000 теңге ақшалай сертификат пен жүлделі бірінші орынға қол жеткізген жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті Альтаир Тюлюханов та биылғы фестивальдің үздіктер қатарынан көрінді.

«Студенттік көктем аруы-2023» сұлулық байқауында «Көрермен көзайымы» номинациясына Қосшы қаласынан келген Гульфайруз Жамантай ие болды. «Талантты ару» номинациясына Щучинск жоғары педагогикалық колледжінен Аида Жақсылықованың мерейі үстем болса, «Көрікті ару» номинациясы Көкшетау гуманитарлы-техникалық академиясының студенті Дильназ Шоқаққа бұйырды. Сондай-ақ, 50 000 теңгелік ақшалай сертификат және  ІІ вице-мисс атағына ие болғаны үшін Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Кенжегүл Тұрқай 100 000 теңгелік ақшалай сертификат және І вице-мисс атағына ие болғаны үшін Жұлдыз Ақбарова марапатталды. Ал, 150000 теңгелік ақшалай сертификат және «Студенттік көктем аруы – 2023» атағына ие болған Көкшетау қаласы жоғары медициналық колледжінің студенті Әмина Ещанова жеңімпаз атанды.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жастар-ресурстық
орталығының баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар