Ақмола облысында білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеріледі

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында Білім басқармасының және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау шеңберінде білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік тапсырыстарға бюджет қаражатын жұмсау және басқа да мәселелер қамтылатын болады.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!

Фото: GeekBrains

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар