Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сан сапаға айналуы үшін... - АРҚА АЖАРЫ

Сан сапаға айналуы үшін…

Қуаныш Ерғалиев Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тарихында Қазақстаннан доктор дәрежесін алған жалғыз студент. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрінің болмысын байыптап, толайым табысын көз алдымызға әкелу үшін сұхбаттастық.

Ғылым докторы 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. Жоғары ғылыми дәрежесін алу кезінде ол отбасымен бірге Бостон қаласында тұрды. Сол жерде пікірлес адамдармен бірге «Мирас» ұлттық мәдени орталығын ұйымдастырды.

Шағын ауылдың қарапайым мектебінің оқушысы осындай биікке қалай жетті? Таратып айтатын болсақ, замандастары үшін әдемі үлгі. Қуаныштың әкесі өтпелі кезеңде такси жүргізушісі болып еңбек еткен, ал, анасы медицина қызметкері.

–Қуаныш Асылханұлы, Сіз дамыған елдерде ғылым мен жаңа технологияларды дамыту орталығының ғажайып жұмысын көзіңізбен көрдіңіз. Бізде жоғары оқу орындары қызметінің жетекші саласы – білім беру саласы болып табылады. Мүмкін академиялық институттар шынымен ғылыми-зерттеулермен айналысуы керек шығар?

– Еуропалық және американдық университеттер өте ұзақ уақыт бойы адам ресурстары шоғырланған алып хабтарға айналды. Көптеген онжылдықтарда, тіпті ғасырларда олар білім-ғылымның ғана емес, мәдениеттің де орталықтарына айналды. Елді ғана емес, әлемді де өзгертетін көптеген ноу-хаулар сол жерден келеді. Түбінде біз де соған барамыз. Жоспарларымыз бар, қазақстандық университеттерді тиісті хабтарға қалай айналдыру керектігі туралы көзқарас та қалыптасуда. Аймақтық университеттерді дамытуға баса назар аударылады. Олар ғылымның аймақ индустриясымен байланысын жетілдіріп, ғылымды қажет ететін экономика құруы керек. Елдегі барлық ғылыми- зерттеулердің 70 пайызы қазірдің өзінде университеттерде жүргізілуде. Бұл процесті ынталандыру үшін айтарлықтай қаражат бөлінеді. Қаражат көлемі жыл сайын молая түсуде. Өткен жылы шамамен 68 миллиард теңге бөлінсе, келесі жылға 240 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Бұл арада айта кететін бір жай, гранттық қаржыландыру, жас ғалымдарды мақсатты қаржыландыру шын мәнінде үлкен рөл атқарады.

– Бірақ Батыс университеттерінде ғылыми зерттеулерді мемлекет қаржыландырмайды. Мұны жеке корпорациялар жасайды. Ғалымдар әртүрлі фирмалардың нақты тапсырыстары бойынша жұмыс істейді емес пе?

– Біздің басты міндетіміз – жоғары оқу орындары ғылымын индустриямен біріктіру. Бұл министрліктің университеттерге қоятын басты талабы. Әр өңірде академиялық шеберлік орталықтарын құрамыз. Бұл аймақта сұранысқа ие ғылыми-зерттеулер жүргізілетін тиісті зертханалары бар құрылымдар қалыптасады. Коммерцияландыру гранттары үлкен рөл атқарады. Яғни, нәтижелері енгізілген зерттеулерді жалғастырады. Өткенге көз жүгіртсек, олар алғаш рет 2018 жылы қолға алына бастады. Үш жыл ішінде кемінде 150 жоба жүзеге асырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде 140 кәсіпорын құрылды.

Олар шамамен 26 миллиард теңге көлемінде табыс әкелді. Бұл жаман нәтиже емес. Мұндай гранттарды берудің міндетті шарты – индустрияның 30 пайызын қоса қаржыландыру. Әрине, университеттермен ынтымақтасатын кәсіпорындарды да ынталандыру қажет. Қазір тиісті салық преференциялары әзірленуде. Конкурстық іріктеудің нақты және көп сатылы тетігі әзірленді.

Егжей-тегжейлі сараптама жүргізуге шетелдік сарапшылар тартылады. Соңғы уақытқа дейін басымдықтарды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңес айқындады. 2023 жылғы 26 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құру туралы» Жарлыққа қол қойды. 30 наурызда Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы: «Отандық ғылымның кешенді дамуы менің жеке бақылауымда болады»  деді.

Кеңес құру ұлттық ғылыми жүйені басқаруды жетілдіруге, ҚР Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге ықпал ететін болады. Оған ғылымның басым бағыттарын білдіретін, ғылыми-зерттеу белсенділігінің жоғары деңгейі және халықаралық танылуы бар академиктер, ғалымдар кіреді. Кеңес мүшелерінің қатарында Нобель сыйлығының лауреаты, Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында зерттеу қызметімен айналысатын біздің отандастарымыз бар.

Сонымен қатар, құрамына ғылыми, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты іске асыруға жауапты Үкімет мүшелері кірді. Әлемге аты белгілі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуда. Жаңа заманның сұранысына сай қос дипломды білім беру белсенді дамып келеді. Бұл – әлемдік тренд. Жоғары білімнің қолжетімділігі – қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі. Қазақстанда жоғары біліммен қамту 62 пайызды  құраса, Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 80-90 пайызға тең. Әлем қарқынды дамуда. Осыдан үш жыл бұрын Өзбекстанда бұл көрсеткіш 10 пайызға тең еді, қазір 40 пайызға жетті. Тренд жылдам дамып келеді. Сан әрқашан сапаға ауыспақ. Біле білсеңіз, бұл диалектика заңы.

–Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбатты жүргізген Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар