Алдағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

«6 мамыр күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мерекелерден кейін, 10 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады», – делінген хабарламада.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар