Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңіс күніне орай ақмолалық соғыс ардагерлері 1,5 млн теңгеден алады - АРҚА АЖАРЫ

Жеңіс күніне орай ақмолалық соғыс ардагерлері 1,5 млн теңгеден алады

– Ақмола облысында соғыс ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар мен тыл еңбеккерлері 9 мамырға дейін біржолғы әлеуметтік көмек алады. Төлем 3471 адамға жалпы сомасы 171 млн теңге төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша өңірде сегіз соғыс ардагері тұрады.

Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету облыстық және жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

«Бұл ардагерлердің жетеуі 1,5 млн теңге көлемінде, жалпы 10,5 млн теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек алады. Ал бір ардагер болса, Бұланды ауданындағы арнай әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұрып жатыр. Сол себепті толық мемлекеттің қамқорлығында болғандықтан, оған әлеуметтік төлем қарастырылмаған», — деді ведомстводан.

Сонымен бірге, жеңілдіктер бойынша өңірде соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге де жалпы 40,4 млн теңге төлем жасалады.

Өңірде осындай 380 адам бар.

Ал, өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 676 адам 44,4 млн теңге сомасында төлем алады.

Бұдан бөлек, өңірде 2112 тыл еңбеккерлері бар, оларға жалпы 63,7 млн теңге қарастырылған.

ҚР «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа тұлғаларға жалпы 12 млн теңге төленеді.

Өңірде бұл санатта 296 адам бар.

«Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің деректері бойынша 9 мамырға дейін барлығы 3471 адамға жалпы 171 млн теңге сомасында төлем жасалады», — деп түйіндеді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар