Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Негізгі ҰБТ-ға түлектерден өтініш қабылдау басталды - АРҚА АЖАРЫ

Негізгі ҰБТ-ға түлектерден өтініш қабылдау басталды

– Жоғару оқу орнына грант бойынша түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) негізгі кезеңіне тіркелу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады.

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға 2 мүмкіндік беріледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Сондай-ақ олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілей алады.
ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында тіркелу қажет. Атап өтейік, тіркелудің бірінші кезеңі 28 сәуірден 6 мамырға дейін, екінші кезеңі 7 мамырдан 14 мамырға дейін болады.

«Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында өткен жылы әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады .

Одан бөлек, біз тегін онлайн байқау сынақтарын іске қостық. Білім беру орталықтарымен бірлесіп, тегін онлайн сабақтарды жалғастырдық. Ал оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

Дайындық сапасын жақсарту үшін осы және басқа да қабылданған шаралар түлектерімізге тестілеуде жоғары нәтиже көрсетуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар