Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: 74 млн теңгенің өнімі саудаға шығарылды

– Көкшетау қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласынан барлығы 80-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 74 миллион теңге болатын 71 тоннаға жуық өнім әкелді.

photo

«Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 18,5 тонна ет және шұжық өнімі, 2 тонна балық, 3,7 тонна сүт және сүт өнімі, 140 дана жұмыртқа, 2,9 тонна ұн, 16 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар», – деді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

photo

Жәрмеңкені арнайы барып көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев азық-түлік бағасы мен сапасына және алуан түрлілігіне аударды.

Сондай-ақ, өңір басшысының орынбасары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық диқандар биыл 5,2 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отырғанын жазған едік.

photo
photo
photo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар