Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтардың құқықтары қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтардың құқықтары қорғалды

Көкшетау қаласының прокуратурасы көппәтерлі абаттандырылған үйлердің тұрғындарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері үшін алынатын ақыны есептеудің негізділігін  талдады.

Оның барысында мұндай үйлердің тұрғындарына осындай қызмет үшін қолданылған тарифтің дұрыс еместігі белгілі болды.

2022 жылы 7 қазанда Көкшетау қалалық мәслихаты қосылған құн салығын ескере отырып, абаттандырылған үйлер үшін  облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша қызметтердің құны қосымша құн салығы есебімен бір тұрғынға айына 500 теңге, ал, абаттандырылмаған үйлер үшін 580 теңге сомасында белгілеген болатын.

Қазіргі уақытта қоқыс шығаратын компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды және көмуді жүргізуге мүмкіндіктері жоқ екені анықталды. Сол себепті, өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап Көкшетау қаласының  аумағында абаттандырылған үйлер үшін қосымша құн салығы есебімен әр тұрғыннан айына 377 теңге, абаттандырылмаған үйлер үшін 438 теңге қоқыс жинауды және тасымалдауды қамтитын тариф қолданылады.

Алайда, талдау барысында көппәтерлі абаттандырылған үйлердің тұрғындарына 377 теңгенің орнына қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері үшін 438 теңге, яғни абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін есептелген тарифтің қолданылу фактілері анықталды.

Мұндай жағдайда қадағалау органы тарапынан қабылданған шаралар облыс орталығының 6 350 тұрғынының құқықтары бұзылғанын көрсетіп отыр, соған сәйкес оларға бүгінгі күні қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау жөніндегі қызметтер үшін белгіленген сомалар тарифке сәйкес қалпына келтірілетін болып шешілді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар