Степногорск ауруханасының бүгінгі жағдайы ойландырады

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының көшпелі отырысында Степногорск қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды.

Отырысқа әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Ермек Нұғыманов, көпсалалы облыстық аурухананың директоры, депутат Нұрлан Жаров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Азамат Өміртаев, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Омарова қатысты.

Қатысушылар жөндеуді қажет ететін аурухана корпустарын аралап, қызметкерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың депутаттарымен кездесу өтті. Степногорск қаласының көпсалалы ауруханасының директоры Бағлан Наурызбаеваның айтуынша, жыл басында коммуналдық қызметтер, дәрі-дәрмектер, отын, салыққа кредиторлық берешек 500 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Нормативтік-құқықтық актілермен реттелетін жоспарлы медициналық қызметтердің қысқаруы мен тоқтатылуына байланысты пациенттер санының азаюыкереуеттердің бос тұруына алып келді.  Сонымен қатар, эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуде күтпеген шығындар болды, бұған КВИ бойынша ем-домда тариф құнының төмендігі де өз әсерін тигізді. Жалпы, бас дәрігердің айтуынша, ахуалға ӘМСҚ-ның жеткіліксіз қаржыландыруы, дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, коммуналдық қызметтерге бағаның көтерілуі, жалақының өсірілуі мен басқа да шығындар кері әсерін тигізген көрінеді.

Депутаттар дәрігерлермен әңгімелесу барысында медициналық мекеменің барлық проблемалық мәселелерін талқылады, аурухананы дағдарыс жағдайынан шығару бойынша бірқатар ұсыныстар айтты,бірінші кезекте бюджетті дұрыс жоспарлау мәселелеріне назар аударуға кеңес берді.

Одан әрі тұрақты комиссиялардың төрағасы мен төрайымы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы білім беретін мектепке және №5 «Еркетай»  балабақшасына барды, онда педагогтардың проблемалық сұрақтары мен тілектерін  тыңдады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар