SpaceX 56 жаңа буынды Starlink спутнигі бар зымыран тасымалдағышын ұшырды

– Америкалық SpaceX компаниясы бейсенбіде Starlink желісінің жаңа буынды 56 микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасымалдағышын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Starlink-тің 56 спутнигінің ғарышқа шығуы расталды» , – делінген компанияның Twitter парақшасында.

Зымыранның ұшырылуы Канаверал мүйісіндегі (Флорида штаты) ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша 03:31-де жүзеге асырылды. Falcon 9-дың бірінші сатысы шамамен 8,5 минуттан кейін Атлант мұхитындағы қалқымалы платформаға қонды.

Starlink желісі салмағы 260 кг болатын көптеген құрылғыларды орналастыру арқылы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған.

SpaceX жалпы саны 11 мың спутникті ұшыру және оны пайдалануға беру 10 млрд долларды құрайды деп есептейді. Компанияның мәліметінше, ол 5G стандартына сәйкес келетін 1 Гб/с жылдамдықпен кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ете алады.

2019 жылдың мамыр айынан бастап SpaceX орбитаға 3,8 мыңнан астам Starlink спутнигін ғарышқа шығарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар