Ақмола облысында биыл 5,2 миллион гектарға дән себіледі

– Ақмола облысында биылғы жылы барлығы 5,2 миллион гектар алқапқа дән себіледі. Оның 4,7 миллион гектары дәнді, 355 мың гектары майлы дақылдар. Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен «2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу туралы» облыстық агрокеңесте облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары тап өткендей, өткен жыл өңірде әр гектарынан 11,6 центнерден алғанда рекордтық көрсеткіш – 5,3 миллион тонна астық жиналды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 трилион теңгеден асты, бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тарту 97,3 миллиард теңгені, ал ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты – 432,2 миллион АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, 2022 жылы астық экспортының көлемі 2,2 миллион тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 11 мың тоннаға артық, ұнды жөнелту 103,4 мың тоннаға ұлғайды. Биылғы жылы барлығы 5,2 миллион гектар алқапқа дән себіледі. Оның 4,7 миллион гектары дәнді, 355 мың гектары майлы дақылдар», – деді Мәлғаждар Тәткеев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 7 сүт фермасын іске қосу жоспарда барын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар