Көкшетауда облыстық құқықтық тәртіп және азаматтардың құқықтарын қорғау ведомстволарының өкілдеріне құрмет көрсетілді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс азаматтарының құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіп ведомстволарының қызметкерлерімен кездесті.
Өңір басшысы құттықтау сөзінде алдағы мерекемен құттықтап, адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

«Туған жер мен Отанды қорғау – бұл өшпес өсиет, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған қасиетті дәстүрі. Сондықтан бүгінде біздің жауынгерлер ата-бабаларымыздың ержүрек дәстүрлерін абыроймен жалғастырып, әскери борышқа, антқа адал қызмет етеді.

Осы мереке күні біз өмір бойы әскери қызметке арнаған және өз қызметін мінсіз атқарған сарбаздарымыз бен жауынгерлерімізге алғыс айтамыз. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігіміз қорғалсын, ал ұлттық армиямыз, халқымызды қорғау өркендесін”, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Кездесу барысында Ақмола облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Талғат Тұрабай, “Қарулы күштердің ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мұса Елеусізов, Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 4 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Мадина Адентаева, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімнің аға инженері Кирилл Гребенников сөз сөйледі және жұмыстағы қиындықтар мен ерекшеліктермен бөлісті.

Іс-шара бірқатар ақмолалықтарға ведомстволық медальдармен және облыс әкімінің алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар