Өрттен Ресейдің Түмен облысында төтенше жағдай жарияланды

– Түмен облысының губернаторы Александр Моор орман өртіне байланысты 7 мамырдан бастап облыстың барлық аумағында төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

А.Моор облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға: орманға шығудан және пикник ұйымдастырудан бас тартуға, саяжайларда от жақпауға шақырды.

Тілсіз жау салдарынан Речкина кенті мен Богандинский кентінде, сондай-ақ Түмен облысының үш бау-бақша бірлестігінде 120-дан астам ғимарат бүлінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінен хабарлады.

Жалынмен күреске Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы мен үш тікұшақ жұмылдырылды. Авиация арқылы барлығы 192 рет, 1219 тоннаға жуық су төгілді.

Жексенбіде Түмен облысында тоғыз ландшафтық және үш орман өрті сөндірілді. Жалынмен күрес жүргізуді қатты екпінді жел мен ыстық әрі құрғақ ауа райы қиындатып жатыр. Жеті елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланатыны жарияланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар