Ақмолалық оқушылар робототехника бойынша республикалық турнирде үздік атанды

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті музейінде «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирі өтті.

«Дарын» РҒПО-ның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырған іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Турнирге Ақмола облысынан робототехникамен айналысатын 14 оқушы қатысты.  Олар «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушыларды әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстардың робо-сумо, кегельринг-квадро, желі бойынша жарыс, биатлон – кіші санат, биатлон – жоғары санат, эстафета, лабиринт сияқты жеті түрінен сынға түсті.

Турнир қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен, турнирдің алтын кубогымен, 100 мың теңгелік сертификатпен және 2023-2024 жылдарға арналған мектептер үшін С-5, С-6 деңгейлеріндегі ROBOTEK.PRO оқу платформасына тегін 3 айлық жазылым – «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» – ының тәрбиеленушілері Жылқайдар Асылхан және Бұлат Әбілмансұр марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар