Барлық мәселелер бақылауға алынды

Атбасарға жұмыс сапары барысында облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы кең ауқымды мәселелерді қамтыды.

Қаланың проблемалық мәселелері туралы тұрақты комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысында, содан кейін облыс әкімінің есептік кездесуінде облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымхан Саханов сөз сөйлеген еді. Қазіргі уақытта оның айналасында аудандық мәслихаттың барлық депутаттары жиналып отыр.

Комиссия мүшелері Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының  ғимаратын қарап шықты.  Бас дәрігердің м.а. Гүлай Жолдаспаева күрделі жөндеу жүргізу, жаңа емхана салу қажеттілігі туралы айтып берді.  Атбасар ММБ базасында медперсоналдың, жұртшылық өкілдерінің, аудандық мәслихат депутаттарының, облыстық және аудандық газет қатысуымен диалог алаңы қызу өтті. Талқыланған мәселелер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ филиалының директоры Азамат Өміртаев, көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері, депутат Нұрлан Жаров сөз сөйледі.

Отырысты қорытындылай келе, комиссия төрағасы Марат Қойшыбаев Атбасар ауданының денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар көрсетілген хаттама дайындалатынын, содан кейін облыстық мәслихатта  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, Атбасар қаласы мен Степногорск қаласының ауданаралық ауруханаларын жаңғырту туралы ақпаратты тыңдау ұсынылады.

Сонымен қатар, бюджеттік жоспарлау мен бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру шеңберінде депутаттар Атбасардың жөндеуге мұқтаж орталық көшелерін және бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Оның ішінде «Олимп» ДШСК, аудандық Мәдениет үйі, Атбасар қаласының №8 және №6 ЖББОМ, «Атбасар су» ШЖҚ МКК орталық қазандығын қарап шықты.  Сондай-ақ депутаттар жергілікті БЖСМ-не барды. Олимпиада ойындарының чемпиондары Анатолий Храпатый, Давид Дегтярев өскен Атбасар қаласының тұрғындары ауданда жаңа спорт кешенін салуды көптен бері сұрап келеді.

Аталған мәселелердің барлығын облыстық мәслихат депутаттары бақылауға алды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар