Степногорда дүкеннен 180 млн теңгенің алтынын ұрлағандар видеоға түсіп қалды

– Степногорда 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды.

Олар – 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары.

Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар