Барлық сұрақтар бақылауға алынды

Ерейментау ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Еркіншілік ауылдық округіне барып, халықпен және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесті.

Оның барысында ауылдың бірқатар проблемалық мәселелері талқыланып, шешу жолдары қаралды. Кездесуге ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысып, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ,  Бейбіт Айтымұлы бірқатар әлеуметтік нысандарға барды.  Ауылдық жалпы білім беретін мектепті, мәдениет үйін және дәрігерлік амбулаторияны аралады. Мекеме қызметкерлерімен ғимараттарды күрделі жөндеу, жаңа нысандар салу мәселелері талқыланды.

Еңбек ауылында жергілікті тұрғындар теміржол өткелін салу мәселесін көтерді. Бүгінгі таңда осыған қаражат бөлу мәселесі шешілуде.   Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын тозығы жеткен деп танылған ауылдық клубтың жағдайы мен мектепте спорт залының жоқтығы алаңдатады.

Барлық көтерілген мәселелер міндетті түрде депутаттардың қатысуымен қаралады және мәслихаттың бақылауында болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар