Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайға барып қазақтың бір сөзі мен бір әнін ести алмай кеттім-ау! - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайға барып қазақтың бір сөзі мен бір әнін ести алмай кеттім-ау!

Қазіргі заманымыздың дамып, өркениетті елдер қатарында бой көрсете басталғалы адамдарымыздың дем алып, денсаулықтарын жақсартуға жағдайлар жасалып жатқаны қуантады. Шет елдерді былай қойғанда, өз елімізде табиғаты сұлу жерлерде орналасқан сауықтыру-дем алу орындары да көз тартып, өзіне шақырғандай болады. Көп жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң әр адам жақсы демалуды ойлайды. Бұндай ой келгенде, бірден алысқа бармай-ақ, іргеде тұрған Бурабай еске түседі. Салыстырмалы түрде қарағанда, Бурабайдың бағасы әрине, қатты ойландырады. Тіпті, кейбір шет елдерге бұдан арзан бағамен баруға болады.

Мен Көкшетау қаласының зейнеткерімін. 40 жыл  білім саласында еңбек етіп, енді қол босап, демалыс орындарына барып тұруға кет әрі емеспін. Әрине, бізде жеңілдетілген жолдама алу мүмкіндігі жоқ. Сол себепті, шамама  қарай үш күндік демалысқа Бурабайдағы Дисковери сауықтыру орталығына бардым. Орналасқан жері, тамағы, бөлмелері бәрі жоғары деңгейде. Демалыс кезі болғандықтан, ата-аналарымен бірге келген балалар да көп. Өзім сияқты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген зейнеткерлер де жетерлік.

Алайда, жақсы көңілмен барып, қынжылып қайттық. Оған себеп, өз елімізде отырып, өз ана тілімізде ешқандай іс-шара өтпеді. Балаларға арналған ойын-сауықтар да орыс тілінде. Соңғы күні өтетін концерттік бағдарламада қазақ әндері болар деген үмітпен өзім шамалас демалушылармен асыға күтіп отырдық. Бір сағат бойы жүрген концертте ана тілімізде бір ән орындалмады. Тарс-тұрс еткен, еш мән-мағынасы жоқ басқа тілдегі әндер.

Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды. Қай елде отырғанымыз осы сауықтыру орнының қай мемлекетте орналасқаны, титулдық ұлт қазақтар екені неге ескерілмеген? Өз аумағындағы осындай сауықтыру орындарының немен тыныстап жатқанын, олардың мемлекеттік тілге мұрын шүйіріп қарайтынын, тіпті керек қылмайтынын бір уақ бақылауға алмай, аудандық әкімдік, оның ішкі саясаты, тіл бөлімі қайда қарап отыр? Неге демалушылар әртүрлі жастағы адамдар екені, олардың қазақ тілінде ән тыңдап, осы тілде іс-шаралар көргісі келетіні қаперге алынбайды?

Назым ЫҚЫЛАСОВА,
зейнеткер.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар