Жүзден астам кәсіпкердің құқығы бұзылғаны анықталды – прокуратура

Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімдерінің өтуіне қарамастан (ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-т.) Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша (ӘҚБтК-нің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды.

Прокуратураның жедел шаралары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратура жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінін еске саламыз.

Егер сіз заңсыз тексеруге, сіздің қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына (+77051291140) дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар