Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты тергеу басталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты тергеу басталды

– Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Целиноград аудандық полиция бөліміне Астанадағы қалалық ауруханаға «жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, іш және кеуде қуыстарының жарақаты, бел омыртқасының зақымдануы» диагнозымен аталған ауданның 48 жастағы тұрғыны жеткізілгені хабарланған.

Белгілі болғандай, жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүрген ер адамды көлігі қысып қалған.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар