Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экономика саласы өрге басуда - АРҚА АЖАРЫ

Экономика саласы өрге басуда

Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпан өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жылдың бірінші тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады.

− Ағымдағы жылдааудан экономикасына 16,1 миллиард теңге тартылды. Ауданда жалпы сомасы 97,6 миллиард теңгеден асатын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде. «Борэй Энерго» серіктестігінің жобалары аясында Бұлақсай ауылдық округінің шекарасында 74 миллиард теңге сомасына жел электр станциясын салу жобасы іске асырылуда.Тағы бір инвестициялық жоба  «SG Brick» серіктестігінің кірпіш өндірісі. Бұл Аршалы ауданының аумағында кірпіш өндіретін екінші зауыт болып табылады. Биыл оны іске қосу жоспарлануда,− деді Мұрат Балпан.

Осы жобаларды іске асыру аудан экономикасына 110 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға және 600-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты. Жібек жолы ауылында «first Chill» серіктестігі  «Разгуляй» демалыс аймағын қайта құру және салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Ашық бассейннің құрылысы басталып, қылқан жапырақты ағаштардың 270 көшеті отырғызылды.

− Экономика салаларының өсуі және тұтынушылық белсенділік бөлшек тауар айналымы көлеміне оң серпін берді. Экономика салаларын дамыту нәтижесінде аудан бюджетіне 1,3 миллиард теңге сомасында түсім қамтамасыз етілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі артты.  Қаңтар-наурыз аралығында 7 596  шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылы егіс алқаптарының болжамды құрамына сәйкес Аршалы ауданы бойынша жалпы 207 мың гектар жерге егін себужоспарланды. Ағымдағы жылы майлы дақылдардың көктемгі егісі 7 мың гектардықұрайды. Өткен жылы егін науқанын жүргізу үшін шамамен 33,2 мың тонна тұқым дайындалған еді. Биыл егістікке тұқым толығымен жеткілікті, − деді аудан басшысы. Тұқым сорттарының сапасын  жаңарту көрсеткіші, былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға өсті. Егіс науқанына байланысты 873  трактор, 720 астық сепкіш және 50-ден астам жоғары санаттағы техникалар егіс кешендеріне  жұмыс атқарады. Аудан бойынша 18 күннің ішінде дәнді дақылдарды толық егу жоспарлануда. Әкім автокөліктер паркін ұлғайтуға инвестициялық субсидиялау мен техника лизингі бойынша сыйақы мөлшерлерін  төмендету сияқты, мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

− Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері шамамен 223,4 миллион теңге көлемінде 5 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Егіс  жұмыстарына 2795 тонна жанармай қажет. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісім-шарттар жасалып, жанар маймен толық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Шаруалар  үшін  сатылымдағы жанар майдың 1 литрі 220 теңгені құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде, − деді Мұрат Балпан.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларына тиісті  қаражат  төленді. Тұрақты жұмыс орнына 68 адам орналастырылды.Жұмыссыздар саны жыл сайын азайып келеді. Жалпы, аудан бойынша орташа айлық жалақы 20 пайызға өсіп,238 000 теңгені құрады.

− Денсаулық сақтау саласына келсек, аудандық емханаға құны 362 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары басталып, оның ішінде емхана ғимаратының қасбетін жөндеу, қайта құрумен ішкі жұмыстары, шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электр, су, жылумен жабдықтау желілерін ауыстыруды толық  жүргізу  жоспарлануда. Білім беру мекемелерінде қажетті жағдайлар жасау және оқушылардың білім сапасын арттыру үшін Аршалы кентіндегі №1 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 341,4 миллион теңге бөлінді. Анар станциясының жалпы білім беретін мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, үш ауысымды оқытуды жою мақсатында Жібек жолы ауылында 300 орындық мектеп құрылысы аяқталуда.Биылғы жылы Аршалы кентінде Мәдениет үйі мен Жібек жолы ауылында 150 орындық ойын-сауық, демалыс орталығының  құрылысы басталды. Қойгелді ауылында хоккей оқу-жаттығу базасының құрылыс жұмыстары  жалғасуда,−деп түйіндеді сөзін спикер.  Бүгінгі таңда барлық мәселелер  өз шешімін табуда.  Өңірдің қарқынды дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық мақсатындағы жұмыстар жалғасады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар