Жерлестеріміз үздіктер қатарында

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы шеңберінде Әйелдер арасында бокстан турнир өтті.

Ақмола облысы құрамасы сапында 57 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шебері Карина Ибрагимова чемпион атанды. Сонымен бірге, Адель Ысқақова (52 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) және Валерий Аксенова (+81 кг) жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкийдің айтуынша, Адель Ысқақова спорт шеберінің нормативін орындады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар