«Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтеді

2023 жылдың 25 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Абылай ханның 310 жылдығы, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен қорытынды гала-концерті өтеді.

Халық композиторларының шығармашылығын ұрпақтан-ұрпаққа жаңғырту және насихаттау, әншілік дәстүрлерді сақтау және дамыту, өскелең ұрпақты ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, көркемөнерпаздар ұжымдары мен солистердің орындаушылық шеберлігінің деңгейін арттыру, халық шығармашылығы жанрларын дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту – байқаудың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Жиырма жылдан астам уақыт бойы бұл өңіріміздің мәдениет саласындағы ең ауқымды жобасы болып қала бермек. Байқауды көрермендер мен шығармашылық ұжымдар тағатсыздана күтеді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіліп, сахналық костюмдер тігуге бюджеттен қаражат бөлініп, музыкалық аспаптар, LED-экрандар сатып алынады. Аудандық және қалалық гала-концерттерді дайындау мен өткізуге демеушілер мен меценаттар үлкен көмек көрсетеді.

2023 жылы «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауына 276 ауылдық округ пен 3 қаладан 66 мыңнан астам адам, аудандық гала-концерттерге 16 мыңнан астам өнерпаз қатысты, оның ішінде 150 ауылдық округтен 7 123 адам қатысты. Аудандық және қалалық гала-концерттерде вокалдық, хореографиялық, аспаптық, поэтикалық және театрлық жанрлар, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер көрсетілді.

Көрермендер мен қазылар алқасының назарына Атабаевтар отбасылық ансамблі (Аршалы ауданы), «Шаттық» фольклорлық ансамблі (Көкшетау қ.), «Бұраң бел» би ансамблі (Қосшы қ.), «Қыздар» ВИА (Зеренді ауданы), «Керім-ай» (Егіндікөл ауданы) және «Жаңа-KZ» (Көкшетау қ.) вокалдық топтары, «Шұғыла» дуэті (Аршалы ауданы), «Ақ кербез» триосы (Жақсы ауданы), «Музыкалық әуен» (Қорғалжын ауданы), «Ерке-наз» (жетіген) (Целиноград ауданы), солистер Әбдібек Айару, Парасат Отан (Қосшы қ.), Ақтоты Әбдірахман (Көкшетау қ.), Данагүл Әубәкірова (Степногорск қ.), Аян Төлегенов, Әйгерім Әзім (Целиноград ауданы), Берікбол Дүйсенбай, Шандоз Жұмағалиева (Зеренді ауданы) алғаш рет өз өнерлерін ұсынатын болады.

Гала-концерт бағдарламасы Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан солистер мен ұжымдардың орындауындағы үздік шығармашылық нөмірлерінен құралды.
300 адамнан тұратын қазақ халық аспаптарының бірлескен оркестрі, 230 домбырашы, «Қазына» би ансамблі, солистер Гаухар Натиева (Целиноград ауданы), Дінисламбек Жайлаубай (Аршалы ауданы) және т.б. өз талантымен көрермендерді қуантады.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде үйірмелерде айналысатын балалардың жетістіктері ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде көрермендер әр-түрлі техникада орындалған шеберлердің ерекше жұмыстарын тамашалайды. Бұл қолөнер шеберлері: Бозымбай әулеті, Ділманов Нұржан, Бекболат Нұрдамбек, Әбдікәмен Азамат (Қосшы қ.); Кәрім Бектас, Есет Балғабай, Ғизатов Мұрат (Шортанды ауданы); Матерн Анжелика, Ақпаева Гүляим, Пархоменко Геннадий, Хабиден Берікбол, С.Искакова (Зеренді аудан); Шәкен Әлемнәшрих, Тілеубердиева Гүлістан, Досмағамбетов Бауыржан, Виктория Ларина (Ерейментау ауданы); Бахшагүл Байдолла, Енсебаев Берік, Тотыбаева Самира (Целиноград ауданы); Конкушев Геннадий, Жанахметова Әсемгүл, Нейфельд Олеся, Ашкенов Сағадат (Ақкөл ауданы); Рымбай Ермұхан, Сламхан Сәулеш (Бұланды ауданы); Пушкарева Екатерина, Лепп Наталья, Серікбаева Назгүл, Л.Лисовол (Степногорск қ.), Денсембаева Жанель, Выломова Мелани, Белгібаев Бақтияр (Жақсы ауданы).

Бас жүлде және жүлделі орындардың иегерлеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар