Көкшетауда үш қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген 25 жастағы әйел ұсталды

– Көкшетау қаласында жеңгетайлықпен айналысқан 25 жастағы әйелдің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті облыс орталығында пәтер жалдап, жеңгетайлықпен айналысқан.

«Атап айтқанда, жеңгетай клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін үш әйелді пайдаланған. Олардың бірі облыс орталығының тұрғыны болса, екеуі өзге елдімекендерден келгендер. Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді ведомстводан.

Жыл басынан бері Ақмола облысында жезөкшелікпен айналысатын 22 адам анықталып есепке қойылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын марихуана сатқан ақмолалық зейнеткер 12 жылға сотталғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар