Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы қаласы. Күн сайын көркейіп, күн сайын абаттануда - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы қаласы. Күн сайын көркейіп, күн сайын абаттануда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде айтып өтті. 

Ағымдағы жылы Қосшы қаласында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл білім мекемелері  2700 оқушыны қабылдап, үш ауысымды оқыту жүйесінің жеңілдеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп»жобасы бойынша 4 оқу орнының құрылысы басталады.Қалаға тартылған инвестициялар көлемі 2,5 есе артып, 448 жаңа жұмыс орны құрылды.  Биыл құны 100 миллион теңгеден асатын 18 инвестициялық жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін негізгі капиталға 39 миллиард теңге инвестиция салу көзделіп отыр.

−Елордаға  іргелес қалада өндіріс орындарының саны өсуде. Қазіргі уақытта  темірбетон және пластикалық бұйымдар, жиһаз өндірісі қарқын алуда. Жыл басынан бері 2 миллиард теңгенің өнімі сатылымға шықты. Осы бағытта жыл соңына дейін 4 ірі жоба іске қосылады. Косшы қала мәртебесін алғаннан бері көп уақыт өткен жоқ. Алайда, екі жыл ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Көптеген адамдарды мазалаған жол мәселесіне тоқталсақ, биыл 16 шақырым жол салу жоспарлануда. «Лесная Поляна» тұрғын үй алабының аумағында 10 мың шаршы метр кварталішілік жолдарға жөндеу жүргізілді,− деді қала басшысы.

Бірінші, екінші және төртінші шағын аудандардағы кейбір көшелерді электр қуатымен жете қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Биылжылу беру маусымы қалыпты деңгейде өтті. Келесімаусымға да дайындық жұмыстары жаман емес. «Сирень бағы», «Табыс құрылтай»тұрғын үй кешендерінде қазандықтар орнатылды. Электр жарығын беру бойынша «Шоколад», «Табыс құрылтай» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары заңды тұлғадан жеке тұлғаға ауыстырылды.Сондай-ақ, брифинг барысында әкім қалада  халық санының  екі есе өскенін мәлімдеді. Осыған байланысты жедел жәрдем шақырудың саны да артып келеді. Тағы бір қуанышты жайт, биыл 100 орындық емхананың құрылысы аяқталды.

−Қаланы дамыту бағытындағы жұмыстар алда да жалғаса бермек. Тағы бір өзекті мәселе – қарапайым қоқыс жәшіктерін орнату болып табылады. Биыл 30-дан астам жабық контейнерлер алаңын орнатуды жоспарлаудамыз. Бұл мәселені тез арада  шешу үшін мердігер 100 миллион теңге көлемінде инвестиция бөлді. Сондай-ақ, биыл спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, келесі жылы ол аяқталады. Қалада мәдениет, өнер, руханият, жастар саясаты, спорт бағытында да көптеген жобалар жүзеге асуда. Ардагерлердің, ақсақалдар мен аналардың кеңестері толымды жұмыс істеп, үлкен істің бір жағынан шығуда, – деп қорытындылады брифингте өз сөзін Гайдар Қасенов.

Әкімнің айтуынша, Үкіметте 2025 жылға дейін Астана қаласына іргелес елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті шараларды қарастырып, облыс, қала басшылығы тарапынан Қосшының шоқтығы биіктей түсуіне қажетті қадамдар жасалуда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар