Жатақхана тапшылығы қашан шешіледі?

Оқу жылы басталысымен қалаға білім алуға келген студенттердің қонар жер таппай пәтер жағалап жүретіні бар. Соңғы жылдары облыс орталығы Көкшетау қаласына оқуға келіп жатқан студенттердің қарасы еселеп арты. Ал, өткен жылы қыркүйекте студенттердің біраз бөлігі шағым айтып та үлгерген.

Бүгінгі брифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин осы мәселеге тоқталып өтті.

“Студенттік жатақханаларда орын тапшылығын шешу үшін облыс орталығында 4 студенттік жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жатақханаларда осы орындарды енгізу кезең-кезеңмен іске асады. 2023 жылы – 600 орын, 2024 жылы 600 орын қолданысқа беріледі”, – деді басқарма басшысы.

Шоқан Оразалиннің айтуынша, биыл және келер жылы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Жоғары техникалық колледж, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері жаңа жатақханаға қоныстанбақ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар