Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қымбатты жас ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Біздер, үлкендер үшін бұл мереке әр баланың тағдырына жауапты екенімізді еске салып тұрады. Біз сіздердің дене тәрбиесі және рухани саулықтарыңыз үшін қамқорлық танытып, сапалы білім алуларыңызға барлық қажетті жағдайды жасауға тырысамыз.

Әрине, баланы қорғаудың ең сенімді жолы – сау, тату, ауқатты отбасы. Біздердің тарапымыздан отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту, әрбір бала өз отбасында тәрбиеленіп өсуіне тиісті жағдай жасау тұрғысында көп жұмыс атқарылуда. Осы ретте, өмірлік ерекшеліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Жас ақмолалықтар! Осы  жазда сендер үшін пайдалы да қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады. Оның барысында өздерің де суда, жол жиегінде және басқа да қауіп-қатерсіз емес жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтауларың керек.

Жас достар, сендердің жазғы каникул күндеріңн өздеріңе пайда әкелетіндей етіп мазмұнды да қызықты өткізетіндеріңе, білім деңгейлеріңді көтеріп, еліміздің тарихына, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, рухани бай мұрасына қызығушылықтарыңды арттыра түсетіндеріңе сенімім мол. Өйткені, осынау негізінде азаматтық пен патриоттық тәрбие қалыптасады. Сендердің әрқайсыларың біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ «құрылысшылары» болып табыласыңдар. Шын жүректен барлығыңа зор денсаулық, жақсылық, қызықты каникул күндері мен бақытты балалық тілеймін!  Мерекелеріңмен, жас достар!

***

Құрметті Ақмола облысының жас тұрғындары!

 1 маусымда біз ерекше қуаныш пен жылылыққа толы ең жарқын мерекелердің бірі  – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз.

Бұл күн бәрімізге әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ екенін еске салады. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.

Ақмола облысында жыл сайын жаңа жайлы балабақшалар мен заманауи жайлы мектептер, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайлары мен спорт алаңдары ашылып, түрлі үйірмелер мен секциялар іске қосылуда. Өңірде көптеген жаңа пайдалы жобалар жүзеге асырылуда, әр баланың әлеуетін ашуға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл сан қырлы жұмыс өзінің оң нәтижелерін беріп келеді. Біздің балалар үнемі халықаралық, республикалық шығармашылық конкурстарға, фестивальдерге, зияткерлік турнирлерге, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Облыста біздің ең жас азаматтарымыздың құқықтарын қорғау және қолдау, әлеуметтік жетімдікті жою үшін көп жұмыс атқарылуда. Балаларды қолдау жөніндегі қайырымдылық жобаларына Ақмола облысының депутаттық корпусы да белсенді қатысып, еліміздің әлеуметтік бағытталған саясатын іске асыруға зор үлес қосып отырғанын атап өткім келеді.

Жыл сайын бұл жұмыс тек күшейе түсетініне сенімдімін, өйткені, балалардың әл-ауқаты, алаңсыз жағдайы тұрақты прогресс пен еліміздің жарқын болашағының негізі болып табылады.

Барлық жас ақмолалықтар мен қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, мол табыс, өзіне және ертеңгі күнге сенімділік, жаңа жетістіктер мен қуанышты сәттер  тілеймін!

 Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар