Ақмолалық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық турнирі өтті.

Турнирді «Дарын» РҒПО-ның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры және «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Турнирге Ақмола облысының атынан робототехникамен айналысатын 14 оқушы қатысты. Олар робототехника бойынша республикалық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

Қатысушылар әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстардың 7 түрінен бақ сынасты. Турнир қорытындысында «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy»-ының тәрбиеленушілері Жылқайдар Асылхан және Болат Әбілмансұр І-дәрежелі диплом, алтын медаль, турнирдің кубогы, 100 000 теңгелік сертификатқа және мектептер үшін 2023-2024 жылдарға арналған С-5, С-6 деңгейлеріндегі ROBOTEK.PRO оқу платформасына тегін 3 айлық жазылымға ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар