Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілуі тиіс

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі Кеңестің бірлескен отырысына қатысушылар жер заңнамасындағы жаңалықтарды және осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқылады.

Осы саладағы негізгі проблемалар мен жергілікті атқарушы органдардың оларды шешу бойынша жүргізген жұмыстарының қорытындыларын Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы Римма Қарымсақова жеткізді.  Ерейментау және Қорғалжын аудандарының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары Елена Олексиенко мен Нұрсұлтан Әлімжанов жергілікті жерлердегі жағдай туралы баяндады.

–Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ауылдағы маңызды мәселелердің біріжайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жергілікті атқарушы органдар жүргізетін жұмыс бірінші кезекте халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Көптеген даулы мәселелер мен кикілжіңдер ауыл тұрғындарының үлестерімен байланысты, сондықтан, жағдайды реттеу кезінде мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескеру қажет,– деп атап өтті отырысты жүргізген Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Римма Қарымсақовтың айтуынша, облыста бар проблемалық мәселелерді шешу үшін атқарушы, құқық қорғау және басқа да органдар мен ұйымдардан тұратын ведомствоаралық топ жұмыс істейді. Осыған ұқсас жұмыс топтары облыс өңірлерінде де құрылды.

Отырыста ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланатын меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.

–Әрине, бұл проблемалар құқықтық салада, сондай-ақ, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, депутаттардың қатысуымен шешілуі керек, – дей келе, Бейбіт Айтымұлы мәслихат төрағаларынан және депутаттардан барлық шиеленіс ошақтарын бақылауда ұстауды және халықпен осы бағыттағы жұмысқа белсене қатысуды сұрады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар