Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдағы су тапшылығы халықтың қалаларға қоныс аударуына себеп болып тұр – сенатор Жүнісов - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдағы су тапшылығы халықтың қалаларға қоныс аударуына себеп болып тұр – сенатор Жүнісов

– Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдаған сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысы аудандарының тұрғындарын сумен қамтамасыз етудегі проблемаларды көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданының халқы соңғы 10 жылда 3 есеге қысқарып кеткен. Сенатордың пікірінше, ауылдағы су тапшылығы – халықтың қалаларға қоныс аударуы себептерінің бірі болып отыр. Сонымен қатар, Нұра су құбырынан су алатын Қорғалжын және Атбасар аудандарының тұрғындары да су тапшылығына тап бола бастады. Аудандардың тұрғындары су құбырларының жиі бұзылуына байланысты бірнеше апта бойы сусыз қалуда. 12 ауыл ауызсуды орталық су магистралінен алады, ал 4 ауыл тек жеткізілетін суға сеніп отырады.

«Елу жылдан бері көп өңірлерге қызмет етіп келе жатқан су құбырының бүгінде сау жері қалған жоқ. Мамандардың айтуына қарағанда, құбырдың 90 пайызға жуығы шіріп, қаусап тұр. Құбыр ішіндегі судың 70-80 пайызы шығын болып отыр. 2014 жылы су құбырын жөндеу үшін 400 миллион теңге қаражат бөлінген, бірақ, әлі күнге дейін, жұмыстар дұрыс жүргізілмей, Нұра топтық су құбыры ауыз суды жеткізуге қауқарсыз болып отыр. Облыстық және аудандық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп, су құбыры ішінара жөнделгенімен, тұтастай тәртіпке келмеген соң мәселе шешілер емес. Ақмола облысы тұрғындарының тұрмыс тіршілігі мен экологиялық тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып, су құбырларын жаңарту мәселесін қарастыруға ықпал етуді өтінеміз», — деді Талғат Жүнісов Сенаттың жалпы отырысында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар