Балалар кітап әлеміне бойлады

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру – бұл кітапхана қызметінің дәстүрлі бағыты. Жазда барлық кітапханалардың басты міндеті мүмкіндігінше мектеп оқушыларын мағыналы демалыспен қамту, олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.

Жазғы демалыс мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі болса,жазғы оқулар балалардың кітапқа қызығушылығын арттырады, кітап оқу мәдениетіне тартады, балалардың қиялын және шығармашылық қабілетін дамытады. Жазғы демалысты  ұтымды ұйымдастыру үшін кітапханабалабақшалар, мектептермен өзара ынтымақтастықта болады.

Жұмыстың ең қызықты түрі – жазғы оқу залын ұйымдастыру. Мұндағы мақсат – ашық аспан астында оқу залы арқылы кітаптар мен мерзімді басылымдар оқуды насихаттау. Бұл жұмыстың маңызды тұсы ақпараттық-ағартушылық және бос уақытты тиімді өткізу болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған мұндай шаралар бағдарламасында көңілді ойындар, танымдық викториналар, қызықты жарыстар бар.

1 маусым – Халықаралық балалар күніне  орай,  кітапханамыз ашық аспан астында «Әдебиет әлеміндегі демалыс» мерекелік бағдарламасын өткізіп, жазғы оқу залын ашты. Мерекелік шараға балалар жазушысы, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев қатысты. Кітапханашылар балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырып,  дүниетанымдарын кеңейтті. «Әлем балалар көзімен» асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балалар өз қиялдарын сол суреттеріне түсірді. Ойын бағдарламаларына қатысып, ой-өрістерін кеңейтетін, тапқырлығын ұштайтын викториналық сұрақтар мен  сөзжұмбақтар шешті.  Ертегілер еліне саяхат жасап, басты кейіпкерлерді табуда да ыждаҺаттықпен ұтымды жауаптар берді.Балалар жазушысына білетін өлеңдерін жатқа оқып берген балалар, автордың қолтаңбасы қойылған кітап бетбелгісін сыйға алды. Кітапхананың белсенді оқырмандары мадақтамалармен марапатталды. Барлық қатысушыларға тәтті балмұздақтар мен Додо Пицца үлестірілді.

Осылайша жазғы оқулар жұмысы басталып кетті. Жаз кітапханашылар үшін оқырмандармен жұмыс жасайтын ең белсенді маусым, шығармашылық, қиял, жеке және бұқаралық жұмыстың барлық түрлерін жандандыру уақыты. Оқушыларды  жазғы демалыстарының әр сәтін тиімді пайдаланып, өздеріне ұнайтын шығармаларды алып оқуға кітапханаға шақырамыз.

Бақытжан Айдосова,
Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер
 үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар