Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім берудің жайы ойлантты - АРҚА АЖАРЫ

Білім берудің жайы ойлантты

Оқу орындарын аттестаттау және лицензиялау, жазғы балалар демалысын ұйымдастыру, қосымша білім беру, мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты Айнагүл Балташева басқаратыноблыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері тыңдады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов хабарлағандай, 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жоспарланған 170 білім беру ұйымының 70 (41%) мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Бірнеше оқу орындары аттестаттаудан өте алмады. Депутаттарсебептерді түсінуге тырысып, екі салалық ведомство – білім басқармасы менбілім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментітығыз байланыста жұмыс жасап, ауылдық мектептер мен балабақшалар директорларына әдістемелік көмекті жолға қоюы қажет деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, аттестаттау комиссияларының құрамына қатысты сұрақтар туындады.

«Тексерулер мен аттестацияларды жүргізуге қатысатын педагогтердің кандидатуралары неғұрлым сапалы іріктеуден өтуі тиіс деп ойлаймын»,­­­– деп атап өтті мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Қалған мәселелер бойынша облыстық басқарма мен қалалық білім бөлімінің басшылары Шоқан Оразалин мен Айгүл Нөгертаева баяндама жасады. Ақпаратты ведомство мамандары мен бірқатар қалалық мектептердің директорлары толықтырды.

Депутаттар объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сапа проблемаларын болдырмау үшін мұқият назар аударуды талап ететін аспектілерге, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер компаниялармен барлық кезеңдерде өзара іс-қимыл жасауға назар аударды. Өз кезегінде тұрақты комиссия мүшелері мердігер компаниялардың өкілдерімен кездесуге және көмек көрсетуге дайын.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар