Кадр тапшылығы алдан шыға береді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков осы саладағы кадрлық ресурстар жөнінде кеңінен баяндап берді.

Медицина саласындакадрлартапшылығы түйткілді мәселе болып отыр. Ағымдағыжылғыоблыстықбюджеттенауылдықжерлергекелетіндәрігерлергекөтермеақытөлеуге 120 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Осыған орай, жас мамандардыңкелуітамызжәнеқыркүйекайларындакүтіліп отыр. Бұл бағытта еліміздің медициналық университеттерімен бірлесіп тиісті шаралар жүзеге асырылуда.Бүгінгі таңда облыс бойынша реаниматолог, сондай-ақ, окулист, лордәрігерлер жетіспейді. Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл сайын резидентурада оқу үшін 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 50 грант бөлінеді екен.  Биыл орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 орын, республикалық бюджеттен 20 орын, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 50 грант субсидияланады.

−Бүгінгі таңда Ақмола облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 8 мыңға жуық білікті медицина қызметкері, оның ішінде 2 мың дәрігер және 6 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медициналық кадрларды ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Жатақханалар, жалдау төлемдері, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын немесе зайыбын жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Өткен жылы өңірге келген 88 жас маманның ішінде ең көп сұранысқа ие 27 жас маманға жалпы жиынтығы 50 миллион теңге сомасында көтерме ақы төленді,−деді Нұрлан Ахильбеков.

Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары үшін скрининг жүргізу тәсілдері қайта қаралды. Сондай-ақ, асқазан-ішек жолдарының, зәр шығару жүйесінің, егде жастағы адамдардың тыныс алу органдары және простата обыры ауруларын ерте анықтауға және 18-ден  29 жасқа дейінгі азаматтарды тексерумен қамтуға арналған тексерулер тізбесі кеңейтілді.

−Қазіргі уақытта тоғыз бағыт бойынша дәрігерге бармай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету жүйесі енгізіліп отыр.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 88 мың  ауыл тұрғыны тексерілді, 420 адамда асқазан-ішек және бүйрек ауруларының ерте белгілері анықталды. Жалпы,облыстың 3 медициналық ұйымы жанындағы амбулаториялық хирургия орталықтары арқылы 29 ота жасалды. Бұдан басқа, биыл 11 нысанға күрделі жөндеу жүргізу үшін 1,5 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 390 миллион теңге қарастырылды.  Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен көпбейінді облыстық аурухана үшін 18 медициналық техника сатып алуға 300 миллион теңге бөлінді,−деп түйіндеді өз сөзін басшы.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар