Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің майталман маманы - АРҚА АЖАРЫ

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің майталман маманы

 Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қатары көп емес. Бар-жоғы   бес мемлекеттік қызметші және келісім-шарт бойынша екі маман жұмыс істейді. Біздің басқарманың мамандары өздеріне тапсырылған жұмысты аса жауапкершілікпен орындайды, кей кезде қажеттілік туындап жатса, бір-бірін алмастырады, жалпы нәтижеге жету үшін әрқайсысының жұмысы маңызды. Осы ынтымақты ұжымымыздың арасында еңбегімен өзгелерге үлгі болған, майталман маман, сыйлы әріптесіміз Әйгерім Ержікенқызы Мүлкібаева туралы бір ауыз жылы лебізімізді білдірсек дейміз.

Әйгерім Ержікенқызы – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, жоспарлау және қызметті талдау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Ол бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға жауапты, сонымен қатар, эпидемиологиялық мәселелер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдер мен тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуге атсалысады. Аталмыш қызметте 1997 жылдан бері жұмыс істейді, еңбек өтілі 25 жыл бойында санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істеу үшін барлық қажетті қасиеттер бар. Ол өте еңбекқор, бір бойынан жауапкершілік, жеделдік, мұқияттылық, ұқыптылық, шыдамдылық және байсалдылық сияқты абзал қасиеттердің бәрі табылады.

Эпидемиология бойынша өз жұмысында емдеу-профилактикалық ұйымдарының (ЕПҰ) медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің жұмысын дұрыс құрады және бағыттай алады, туындайтын мәселелерді шыдамдылықпен шешіп, дұрыс нәтиже шығара біледі.  Соңғы жылдардағы осындай нәтижелі жұмыстың арқасында көптеген үздік нәтижелерге қол жеткіздік. Бір ғана мысал, өткен 2022 жыл мен осы жылдың ағымдағы кезеңінде балалар мен ересектердің нысаналы топтарын профилактикалық егулер мен қамту жоғары деңгейде жүргізілді.

Пандемия кезінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты  иммунопрофилактика жоспарын орындаудағы сәтсіздікті жою үшін көп күш жұмсауға тура келді. Емдеу желісінің медицина  қызметкерлерімен табанды және шыдамды бірлескен жұмыстың арқасында иммунопрофилактика  жоспарын орындау көрсеткішіне қол жеткізілді, барлық екпелер бойынша ол кемінде 95 пайызды құрады. Бұл пандемия кезінде эпидемиологиялық жағдайдың мезгіл-мезгіл өзгеріп отыруына қарамастан мүмкін болған нәтиже.

Әйгерім Ержікенқызы аудандық басқармадағы жұмысы кезеңінде көптеген тосын жағдайлар кезінде де өзін білікті маман ретінде көрсетті. Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін осындай ерекше оқиға 2013 жылдың наурызынан 2015 жылдың сәуіріне дейінгі кезең болды, оның барысында Калачи ауылында «ұйқы ауруы» жағдайлары тіркелді. Әсіресе, бұл кезеңде біртұтастық, сабақтастық және әрқайсысының жұмысы маңызды болды. Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі, басқарма және сараптама орталығы атынан, ЕПҰ-мен, облыстық департаментпен тығыз ынтымақтастықта қойылған міндеттерді орындап, Қарағанды қаласының еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар институтының, Семей қаласының радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарынан мамандарымыздың жұмысты жақсы ұйымдастыруы және орындаушылық жоғары орындаушылық жоғары тәртібі туралы оң пікірлер айтылғанын қуана еске аламын.

2020-2023 жылдар аралығында COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы кезеңінде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша басты жұмыс тағы да Әйгерім Ержікенқызына жүктелді.

Ол біліктілігі жоғары маман ғана емес, бала көңілін көзінен ұға білетін, аса жанашыр, қамқор ана.  Қолы ашық, аса қонақжай адам.   Көз қуанышы – ұлын адал да білімді азамат етіп тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда ол перзенті де азамат болып, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.  Әйгерім Ержікенқызы ұжымның қоғамдық өміріне  де белсенді қатысады, вокалдық топта ән айтады. Салауатты өмір салтын ұстанып, әріптестерімен пайдалы кеңестерімен бөлісіп жүреді.

Ол түнгі ауысымда көз ілместен жұмыс істеп, қажет болса, күндізгі жұмысқа да күлімсіреп келетін адам. Себебі, ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметте өзінің жолын таба білген майталман маман.

Тамара МҰХАМЕТОВА,
Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар