Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнерлі өрендерге жол ашқан - АРҚА АЖАРЫ

Өнерлі өрендерге жол ашқан

Ақмола облыстық білім басқармасына қарасты Степняк қаласындағы Біржан сал атындағы балалар музыкалық мектебі 1959 жылы аудандық С.Орджоникидзе мәдениет үйінің базасында құрылған болатын. Күні бүгінге дейін өнер шаңырағынан жүздеген өнерлі өрен қанаттанып шықты. Өлең мен әннен меруерт тізген, атақ-даңқы  алты Алашқа тараған Біржан салдың  атындағы мектептің құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр.

1997 жылға дейін мектеп «Біржан атындағы балалар музыкалық мектебі» деп аталды. 2008 жылдың қаңтар айында мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып бекітілген болатын.

Біржан сал атындағы музыка мектебі өз қызметін көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша жүргізеді және балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім берудің бастауыш музыкалық білім беру бағдарламасын іске асырып, балалардың музыкалық шығармашылықпен айналысуына, ал дарынды оқушылар үшін мәдениет және өнер саласындағы болашақ мамандықты таңдауға даярлауға бағытталған. Қосымша білім берудің озық қағидаттарын ұстана отырып, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай жасалып отыр.

Музыкалық пәндер бойынша оқыту ауқымы әртүрлі және оқушылардың қазіргі кездегі барлық кәсіби-әдістемелік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Өнер ордасындағы балалар үшін музыкамен айналысу сүйікті дағдыға айналған. Жүрек қалауымен өздері таңдаған  музыкалық аспаптарды тереңірек зерделуге, сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор әні және оркестрді игере отырып, олар музыка әлемімен қауышып, өз дүниетанымдарын кеңейте түсіп, білімдерін арттыруда.

Мектепте оқыту қазақ және орыс тілдерінде сондай-ақ, домбыра, фортепиано, баян-аккордеон, қобыз, гитара мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Біздің мектептің педагогтары – бұл әлемдік мәдениеттің мәдени мұрасы мен классикалық туындылары арқылы бастауыш музыкалық білім берудің жемісті дамуына негіз салып жүрген музыканттар десек асыра айтпағандығымыз. Әр мұғалім өз алдына міндеттер қойып, балаларды үлкен өнер әлеміне бағыттауға, оларды халықтық және классикалық музыканы түсінуге және талғамын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүр. Өнерлі өрендерге жол ашып,олардың кәсіби машықтарын үнемі жетілдіріп отыруды басты мақсат тұтады.

Мұғалім еңбегінің нәтижесітүлектерінің жеңісі емес пе?. Түлектеріміздің басым көпшілігі музыкалық колледждер мен университеттерде оқуын жалғастырғанын көру біз үшін зор қуаныш. Ал, олардың өздері қанаттанған өнер ордасына қайтып оралып, туған мектебінде сабақ беруі қуанышымызды еселей түсетіні бар.

Біздің мектептің оқушылары жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Көкшетаусияқты қалаларда,  тіпті  шетел асып Парижде лауреаттар мен дипломанттар атанып жүр. Облыстық, республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдарда өнер көрсетіп, зор жетістіктерге қол жеткізуде. Біздің қазақ халық аспаптар оркестріміз аудандық және облыстық іс-шаралардың тұрақты қатысушылары, жыл сайын оркестр «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атануда.

Жазғы каникул кезінде оқушылардың бос уақыты да тиімді  ұйымдастырылады. Түрлі суреттер байқауы, балалар музыка мектебінде оқығысы келетіндерге арналған шеберлік сыныптары, музыка аспаптары туралы демонстрация мен әңгімелер өткізіледі. Оның негізгі мақсаты балалардың музыкаға деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктерін ояту.

Биыл біздің құтты шаңырақтың құрылғанына – 15 жыл толып отыр! Бұл оқиғаға орай есеп беру концертін өткізген болатынбыз. Өнер кешінде шақырылған қонақтар мен ата-аналардың қошеметі мен ризашылықтарын көргенде қалай ғана марқаймайсың! Мұғалімдер мен жас музыканттардың жылы достастығында мектепте әр қатысушыны баурап алатын, шабыт беретін және музыкалық өнерге деген шынайы құрметке тәрбиелейтін шығармашылық шеберхананың атмосферасы жақсы жолға қойылған. Біздің құтты өнер ордасынан әлі талай қарлығаш қанаттанады. Ылайым солай болғай!

Гүлмира ҚҰРТАБИЕВА,
 Біржан сал атындағы балалар музыкалық мектебінің директоры.

Степняк қаласы,
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар