Ақмолалықтар Абай облысына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

– Ақмолалықтар Абай облысында өрттен жапа шеккендерге 20 тонна гумантиралық көмек жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «КамАЗ» жүк көлігіне тиелген жүк азық – түлік, көкөніс, су және өзге де тұрмыстық заттардан тұрады.

Ол өрттен зардап шеккендерге, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға атсалысып жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған.

photo

«Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созу қазақта ертеден бар. Бүкіл ел болып, Абай облысында орман өртінен зардап шеккендерге жанашырлық танытып, көмектесіп жатырмыз. Бұл игі істен ақмолалықтар да шет қалмады. Өңірдегі кәсіпорын басшылары алғашқы күннен-ақ гуманитарлық көмек көрсетуге ниет білдірді», – дейді Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов.

Осы ретте «Агрофирма TNK» ЖШС, «Blic Terminal» ЖШС, «Зеренді Сақтау Өнімдері» ЖШС, «Көкшетауминерлдысулары» АҚ, «МПК Бижан» ЖШС үлес қосып отыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан халқы Абай облысына 15 тонна гуманитарлық көмек жібергенін жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар