Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас дәрігердің құтты жолы - АРҚА АЖАРЫ

Жас дәрігердің құтты жолы

Өткен жылы Ақмола облысында 500-ден астам жас маман ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барды. Олардың барлығы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушылары. Жоғары оқу орындарының түлектері мен 29 жасқа дейінгі жастар жеңілдетілген несие мен көтерме жәрдемақы алды.Мұның бәрі ауылдардағы дәрігерлер мен педагогтардың тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Екі жыл бұрын Анастасия Степанова медициналық оқу орнын бітіргеннен кейін бірден Сандықтау ауданына келіп, жұмысқа орналасты.  Жас маман ретінде оған тұрғын үй беріліп, көтерме қаражат төленіпті.  Анастасияның өзі осында ұзақ уақыт бойыжұмыс істей беруге ниетті.

−Бұл жерде мені бірден жалпы тәжірибе дәрігері ретінде жұмысқа қабылдап, өз алдыма жеке учаске берді. Қазіргі уақытта мен Сандықтау аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісімін. Мұнда білмегенімді үйретіп, қолдайтын білікті мамандар бар. Сондай-ақ, жас мамандарға барлық жағдай жасалуда. Бір жыл ішінде мемлекеттік бағдар­лама бойынша баспанаға қол жеткізіп үлгердім. Дәрігердің алаңсыз жұмыс істеуіне бұдан артық не керек. Дәрігер болу өте жауапты жұмыс қой, істеген сайы­н тәжірибе жинақтап, адамдарды емдеуге де, жылы сөзбен жұбатуға да барынша үйреніп жатырмын. Жұмысқа «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойын­ша келгендіктен, әлеуметтік жағ­дайыма тақа алаңдамадым. Тұ­рақты жалақыдан бөлек, бір реттік жәрдемақы төленді. Осы қам­қорлық үшін ризашылығым шек­сіз. Алдағы уақытта осы ауданда еңбек жолымды әрі жалғастыра отырып, халықтың денсаулығын жақсартуға өз үлесімді қосамын деген сенімдемін. Ал, жас мамандарға ауылға келуге еш тартынбаңдар дер едім, қалалық жерге қарағанда, ауылдық жерде тәжірибе жинау өте ыңғайлы деп айтқым келеді,−дейді жас дәрігер.

Жалпы, сарапшылардың айтуынша,жоғары оқу орындары түлектерініңауылдарға жұмысқа келуі кадр тапшылығын азайтуға көмектеседі. Мәселен, егер бір жыл бұрын аймақта 290-ға жуық дәрігер жетіспесе, қазір бұл тапшылық 15 пайызға төмендеді. Биылғы жылы Сандықтау ауданына 5 дәрігер мен бірнеше медицина қызметкері жұмысқа келеді деп күтілуде.«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жас мамандар үшін өзін жан-жақты дамытуда үлкен мүмкіндік.

Мысалы, ауылдық жерлерге келген 150-ге жуық педагогтар мен дәрігерлер өз баспаналарын сатып алды. Бұл үшін оларға жеңілдікпен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бағдарлама барысында қаладан ауылға барлығы 6 мыңнан астам жас маман келді. Олардың 3,5 мыңнан астамы баспаналы болып, ұзақ уақыт сол жерде қалуды көздеп отыр. Бірақ, ауылдық мектептер мен медициналық пункттерде бос орындар әлі де жеткілікті. Сондықтан бағдарлама аймақта сұранысқа ие!

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар